Starkid — бұл сіздердің балаларыңызға арналған жаңа форматтағы робототехника курстары. Мұнда балаларды робототехникаға, инженерлеуге, бағдарламалауға, 3d модельдеуге үйретеді. Шығармашылық ойлау, сыни ойлауды дамытады. Бұл жерде сіздің балаларыңыз өз роботтарын немесе өз ойындарын жасай алады. Starkid курстары мен оқушылардың жетістіктері туралы білу үшін осы жобаның негізін салушы мамандардың бірі Ермеков Рүстеммен сұхбаттасқан едік.

Әркімге өзінің жобасы өз баласындай болып кететіні рас екеніне Рүстемнің бұл жоба жайында тамсана айтқанынан-ақ түсінуге болары анық

— Әрине, біз ең алдымен инженерлік шығармашылық мектебінің тарихын білгіміз келеді ме?

— Жоба балаларға өздерінің шығармашылық идеяларын жүзеге асыра алатын орын беру идеясынан басталды. Біздің мектепте Біз балаларға шығармашылық еркіндік береміз.

— Сіздің мектепте робототехникамен айналысуды бастау үшін не қажет? Сіздің мектепте дамуға көп мүмкіндіктер бар ма?

— Бізге +77007505536 нөміріне қоңырау шалуға, Instagram-да (starkid.kz) жазуға, WhatsApp желісі арқылы жазуға болады, немесе жай ғана бізге қонаққа келсеңіз болады: Мақатаев көшесі 117, блок Б, 313 офис. Біздің басты мақсатымыз — балаларға өздерінің шығармашылық және техникалық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беру.

— Өз жазбаларыңыздың бірінде сіз «робототехника — баланы ешқашан жалықтырмайтын өте керемет және прогрессивті үйірмелердің бірі» деп жазған едіңіз. Неге олай ойлайтыныңыз жайлы толығырақ айтып берсеңіз?

— Барлығы кинестетиканың балалары. Олар әлемді физикалық сезім арқылы таниды. Және оларға виртуалды әлемде ғана емес, физикалық әлемде бірдеңені жинау қызықты. Және бұл жерде ең кереметі балалардың роботты жинағандағы, одан кейін оған бағдарлама жазуы және осының бәрі жұмыс істей бастаған кездегі балалардың сезімі. Міне, біздің бұл істі атқаруымыздың негізгі себептерінің бірі осы.

— Өз оқушыларыңыздың жетістіктерімен бөліссеңіз?

— Қазір ең басты жетістіктердің бірі — NASA халықаралық байқауына қатысу. Біздің Санжар есімді оқушымыз ғарышкерлер үшін өте қызықты жоба жасады. Жақында бұл жоба туралы novacity.kz сайтында мақала жарық көреді.

— Оқытуда қандай жабдықтар қолданылады? Өнеркәсіптік роботтар, оқу зертханалық қондырғылары немесе конструкторлар ма?

— Негізінен, біз «Makeblcok» атты Қытай өндірушісінің жиынтығын қолданамыз. Бірақ біз олармен шектелмейміз. Менің кабинетімде түрлі электрондық құрылғыларды жасауға арналған көптеген жабдықтармен қамтылған жеке шеберхана бар. Сонымен қатар бізде балалар 3Д принтерлермен жұмыс істейтін жеке кабинет те бар.

— Робототехника бүгінгі күні сәнге айналып кеткені рас, сондықтан бұл сөз қосымша білім беру үйірмелеріне қатысты жиі пайдаланылады. Роботтардың сәнге айналуы бізге пайдалы ма, зиян ба?

— Иә, өкінішке орай, қазір білім беру саласы, заманауи сөзбен айтар болсақ, хайпта! Бірақ, Алматыдағы көптеген үйірмелер мұны жай ғана ата-аналардан ақша алу көзі ретінде ғана пайдаланады. Балаларға уақытша пайдалануға ойыншықтар береді. Әдетте, мұндай жерлерде тіпті университетті аяқтамаған студенттер сабақ береді.

Олар кітап бойынша оқытады және балаларды инженерлік шығармашылыққа қызықтыруға тырыспайды. Бірақ мұндай үйірмелердің көп болуы, бұл саланың ата-аналар үшін қызықты екенін көрсетеді. Егер әлем деңгейінде қарайтын болсақ, бұл сала қарқынды дамып келеді. Күн сайын бұл салада нақты мәселелерді шешетін жобалар пайда болуда.

— Сіздерде қандай негізгі ақпарат көздері бар және сізге шабыт беретін не?

— Негізгі ақпарат көзі — Google. Google бәрін біледі. ))) Ал шабыт көзі балалардың өздері болып табылады. Олар идея мен энергияның таусылмас көзі ғой.

— Енді сіздің IoT бойынша білім жинақтарыңыз туралы сөйлесейік. Ол қанша тұрады, өз шығындарын ақтайды ма?

— Қазіргі уақытта біз бағаны әлі де есептеп жатырмыз. Бірақ жақын арада бұл жиынтықтар gylymi.kz дүкенінде сатылатын болады. Бұл жиынтықтар 10 жастан 20 жасқа дейінгі балаларға арналған. Бала үйде өзінің шағын жылыжайын құра алады. Оны өз смартфонынан интернет арқылы бақылай алады. Жылыжай өмірінің барлық аспектілері, температура, суару және тіпті жарықтандыру да интернет арқылы іске қосылады.

— Мен де анамын, мені сізден өз балама осы жиынтықты сатып алуға көндіре аласыз ба?

— Сіз балаңыздың бүкіл адамзат үшін жаңа жақсы болашақты ойлап тапқанын қалайсыз ба? Немесе оның барлық адамзатқа әсер еткен болашақ Стивен Джобс, Илон Маск, Николай Тесла тәрізді болғанын қалар ма едіңіз? Егер сіздің жауабыңыз «иә» болса, онда бұл жинақ қазір электроника әлемінің қалай жұмыс істейтіні туралы, интернет жүйесінің қалай жұмыс істейтіні туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыра алады. Және интернет бар планетаның кез келген нүктесінен басқаруға болатын құрылғыны қалай жасауға болатынын көрсетеді.

Қызықты сұхбатыңыз үшін рахмет! Сіздерге шығармашылық табыс және ақылды оқушылар тілеймін!