Жастар біздің болашағымыз екені сөзсіз, ал олардың білімді, ақылды парасатты болуы ұстаздардың және атааналардың мойнында. Сол себепті қазіргі уақытта білім беру саласында да көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Дәл сондай пайдалы шаралардың бірі 2019 жылдың 6-7 маусым аралығында Назарбаев Университетінде өтетін “Болашақ талабына сай түлектер” атты форум.

Биылғы іс-шара жоғары оқу орындарының студенттерін еңбек саласындағы жаңа өзгерістерге бейімдеу, сондай-ақ болашақ көшбасшылар мен жақсы азаматтарды дамытуға арналады. Бүгінгі күні оқу орындарының алдында студенттер үшін білім құндылығын арттыру мақсаты қойылған. Бұл оқыту тәжірибесін интернационалдандыру, зерттеулерге қатысу, өмір бойы оқу, сонымен қатар осы саладағы алдыңғы қатарлы іскерлермен серіктестік қарым-қатынас орнату мүмкіндіктерін қамтиды. Білім беру көшбасшылары, кәсіпкерлік және үкіметтік ұйымдар, ғылыми қызметкерлер мен жұмыс берушілер тәжірибе алмасып, мекемелердің жаңа сын-тегеуріндерін еңсеру жолдары туралы ойларымен бөлісіп, талқылауға қатысады.

2015 жылы осындай форумға қатысқан А.Сәрінжіпов (сол уақыттағы Білім және ғылым министрі) «Жұмыс берушінің кешегі түлектің кәсіби дайындығына жеткіліктілігіне сенімсіздігіне қарамастан, компаниялардың түлектерді жұмысқа алудан бас тарта алмайтыны белгілі. Осыны түсіну арқылы жұмыс беруші білім беретін ұйымдармен тығыз жұмыс істеу қажеттігін сезінуі тиіс. Оқу орны мен өндірістің арасындағы өзара іс-әрекет екі жақтың күткен нәтижесіне сәйкес келетін деңгейге жеткен жоқ. Қазақстандық контексте бұл проблема нарықтық қатынастарға көшуге қарамастан, еңбек нарығында, білім беру қызметі нарығында сұраныс пен ұсыныс әлі де қалыптасу үстінде болуымен күрделене түсуде. Түлектер қандай болу керек деген дау-дамай толастаған жоқ, олар кейде жұмыс берушінің қойған талаптарына сәйкес келмей жатады», — деген пікір білдірген болатын. Шынымен де, бұл мәселе қазіргі таңда да өзінің өзектілігін жойған жоқ. Сол себепті, биылғы жылы да, болашақ талабына сай түлектерді қалай дайындау туралы сөз болмақ.

Форумға жоғары оқу орындарының басшылары, оқытушылары, ғылыми қызметкерлері, мемлекеттік ұйымдар қызметкерлері, білім беру саласындағы қауымдастықтар мен бірлестіктер, студентер, сонымен қатар білім беру саласындағы идеяларымен, білімдерімен және тәжірибесімен алмасуға ынталы тұлғалар қатыса алады.

Форумның пленарлық отырысында оқытудың жаңа тәсілдері, жаппай ашық онлайн курстарының пайда болуы, өмір бойы білім алу, демографиялық өзгерістер, әлеуметтік медиа зардаптарына бейімделу мәселелері қарастырылады. Пленарлық мәжілістің мақсаты – халықаралық және отандық сарапшылар пікір алмасуға және тәжірибе алмасу арқылы тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін ашық диалог алаңын құру.

Форумда мәнді де мағыналы баяндамалар ұсынылып, жоғары білімнің өзекті мәселелері бойынша қызықты пікірталастар жүргізіледі және ең бастысы болашақ талабына сай студенттерді даярлау мәселесі қозғалады. Егер сіз білім саласында жүрген адам болсаңыз, бұл шара сіз үшін үлкен жаңалықтар мен ақпараттардың кілті боларына күмән жоқ.