Образовательная среда
Ғылымқолжетімді болу керек
OYLA
OYLA -ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒЫЛЫМИ-КӨПШІЛІК ЖУРНАЛ. OYLA ЖОБАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ -МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ, СОНДАЙ-АҚ ЖАҢА БІЛІМГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚҰШТАРЛЫҚТАРЫН ЖОҒАЛТПАҒАН ЕРЕСЕКТЕРДІҢ ҒЫЛЫМҒА, ӨНЕРТАПҚЫШТЫҚ ПЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. БҰЛ ЖОБАНЫҢ ҚЫЗМЕТІМЕН ТОЛЫҒЫРАҚ ТАНЫСУ МАҚСАТЫНДА, OYLA-НЫҢ ҒЫЛЫМИ РЕДАКТОРЫ АЛМАС ОРДАБАЕВПЕН СҰХБАТТАСҚАН ЕДІК.
— Оқырманды сізбен таныстыру үшін ең алдымен өзіңіз туралы қысқаша айтып өтсеңіз, қайда оқыдыңыз, қандай қызмет атқардыңыз?
- Есімім Алмас Ордабаев. Өскемен қаласының тумасымын. 2006 жылы қазақ-
түрік лицейін тәмәмдап, Мәскеу мемлекеттік университетінің студенті
болдым. Жоғары курстардан бастап 2,5 жыл өндіріс саласында жұмыс істеп,
2012 жылы ұстазымның ұсынысымен мектепке жұмысқа орналастым. Ал
2015 жылы достарым OYLA журналы жобасын бастағаннан бері редактор
ретінде жұмыс істеп келемін. Кәсіп бойынша кімсің десеңіз, өзімді
мұғаліммін дер едім. Ең болмағанда, тырысудамын.
Алмас, журналдарыңыз Қазақстанда алғашқы рет ағылшын тілінде жарық көріп жатыр екен, құттықтаймын! Осы мүмкіндікке жету үшін қанша уақыт кетті?
— Жоғарыда айтқанымдай, достарым (компания директоры және бас
редактор) 2015 жылдың сәуірінде команданы құра бастады, ал маусым
айында біз алғашқы нөмірді дайындай бастадық. Алғашқы нөмір 2015-тің
қыркүйегінде жарық көрді. Одан бері 42 нөмір басып шығардық. Қазіргі
таңда журнал 5 тілде 13 елде басылады. Ең алғаш ағылшын тілінде Жаңа
Зеландияда 2 жыл бұрын басылды. Қазақстанда да ағылшын тіліне сұраныс
болғандықтан, қаражат тауып, жобаны бастауға бел будық. Жалпы цифрлік
ақпарат заманында қағазға басып шығару бір түрлі көрінуі мүмкін, бірақ
сапалы білім алудың әсерлі құралы — қағаз журналдар мен кітаптар екенін кез келген педагог маман растайды. Және қағаз бетіне шығармас бұрын, біз бүгешүгесіне дейін тексеріп, жеңілдетіп қана жібереміз. Былай айтқанда ай сайын 30-40 маман бір мини-кітап шығарып отырамыз. Әрине, ғылымдағы өзгерістерді ескере отырып. Қысқасы, ұйықтасақ та, тұрсақ та, ойлайтынымыз оқырманға сапалы оқу құралын жеткізу.
— OYLA-ның тарихына тоқталып өтсеңіз, бірінші Ғылым мектебі пайда болды ма, әлде журнал ма?
— OYLA ғылым мектебі 1,5 жыл бұрын пайда болды. Бұл журнал қызметінің логикалық жалғасы десе де болады. Міндеттері өте ұқсас. Мектепте 12-15 жасар балалар ғылым негіздерін талқылап, үлкен аудиториялар алдында күрделі концепцияларды қарапайым тілмен жеткізеді. Қазіргі заманда, ақпарат жауыны астында өз бетімен білім алу қабілетін, сыни ойлау қабілетін дамыту аса маңызды.
— Ал сіз балалар шығармашылығына қашан және қалай келдіңіз?
— 7-сыныптан бастап ғылыми олимпиадаларға қызыға бастадым, жоғары
сыныптарда xалықаралық деңгейде өнер көрсете бастадық. Біз оқыған
мектептің бір ерекшелігі үлкендер кішілермен білімін бөлісіп, ұстаздың
ассистенті рөлін атқарып жатады. Бәлкім сол кезде түсінген шығармын
басқаларға ұстаздық етудің дәмін. Сондықтан болар, 2 жыл өндірістік
жұмыстан кейін мұғалім болуға қуана келістім. Жалпы білім саласында
жолым болды: Павлодар қаласында өте дарынды мамандармен жұмыс істеп, басшылық тарапынан толық қолдау болды. Нәтижесінде көптеген бала ғылымға қызығып, сапалы оқу орындарына түсті. Ең бастысы, жас балалар арасында адал достар таптым, әлі күнге дейін xабар үзбейміз.
— Ал сіздің ойыңызша, OYLA-ның басқа журналдардан артықшылығы неде?
— OYLA классикалық ғылыми-көпшілік журнал емес. Оның басты міндеті —
қосалқы білім беру. Ересектерге де, жастарға да. Біз арамызда журналды
bookazine деп атаймыз (ағылш. book — кітап, magazine — журнал). Ай сайын
өңделген оқулыққа тең материал щығып отырады. Контент дүние жүзінің кез келген жерінде өзекті болғандықтан, шет елдерде де шығару мүмкіндігіміз бар. Және де, басты ерекшелігі — тілінің қарапайымдылығы. Біз бұған көп көңіл бөлеміз. Ғылым қолжетімді болу керек. Ғалымдар мен жалпы xалықтың арасындағы көпірге теңеуге болады.
Жалпы журнал неше тілде жарық көреді?
— Журнал екі тілде шығады. Алғашқы күннен бастап қазақ және орыс тілінде
басып келеміз.
Балнур Кизирбеккызы
Журналист
Made on
Tilda