Тағы бір оқиға, біздің «Жиыстыру жұмыстары бойынша бас директорымыз» туралы болмақ. Алдыңғы, 2017 жылы, қыркүйек айында бұл жігітті ата-анасы бізге алып келді. Тіпті жалақы да керек емес, тек еңбекке жарамдылығын арттырып, өзі үшін әлеуметтендіру үрдісінен өтсе болды деген еді. Негізінде өзі өте жақсы, мейірімді жігіт, бірақ өкінішке орай ақыл-ойы кем, яғни оны бір жұмыстан екінші жұмысқа ауыстыру өте қиын, себебі оның диагнозы да ауыр. Біз оны ұсталық цехты жиыстыру жұмыстарының бастығы етіп тағайындауды жөн көрдік. Неге бастығы дейсіз ғой? Себебі, сенің өзіңнің басшы екеніңді сезінген кезде, сол үшін жауапты екеніңді де сезінесің, сол арқылы ақырындап өзгере бастайсың. Жарты жыл бойы мен ұсталық цехқа кіре сала оған қай жерді жинастыру керектігін көрсетумен болдым. Содан, 17 мамыр күні жұмысқа келгенде, оның алғаш рет маған айтқызбай цехты өзі жинастырып жүргенін көрдім. Қазіргі уақытта біздің ұсталық цехта мінсіз тазалық орын алған. Кейде журналистер де: «Сіздер шынымен мына жерде жұмыс істейсіздер ме?» деп сұрап жатады, себебі, ұсталық цехтарда шаң, ағаш қалдықтары жатуы қалыпты жағдай болар еді, ал біздің цехтың тазалығы сонша, кейде тіпті күмән тудырады. Қазір бізге бұқаралық ақпарат өкілдері келетін жағдайда, мен ол жігіттен цехты жинастырмауын өтінетін болдым.