Шимай-Шатпақ – «Алтын қалам» ұлттық әдеби байқауының жеңімпазы қазақстандық автор Мөкештегі Тұмар Мүслатдинқызының «Аруна» баспасынан жарыққа шыққан қазақ тіліндегі әңгімелер жинағы. Алғашқы бұл жинаққа Арлан деген бала мен Арланның қиялынан пайда болған Шимай деп аталатын кейіпкердің бастарынан кешкен оқиғалары баяндалады. Шимай алғашқы кезде бұзақылық жасап, көптеген күлкілі, оқыс оқиғаларға тап болады. Алайда ол Арланның сыныбындағы балалармен тіл табысып, достасып бұзақылық жасауды біртіндеп доғарады. Кітапты безендірген – қазақстандық суретші Қайырхан Орымбаев. Жинақ 5 пен 8 аралығындағы балаларға арналған.