Мен 2000 жылдың желтоқсанында Беркли университетін жұлдызды орташа баллдан әлдеқайда төмен баллмен бітірдім. Бірақ, мен өз қателіктерімнің бәрінен сабақ алдым және өзімнің кіші қарындасымды әлдеқайда күрделі мамандық бойынша үздік бітіруге бағыттадым. Бұрынғы өміріме қарасам, мен шын мәнінде колледж өмірінің сын-қатерлеріне дайын емес едім, және мен ол колледжге келген кезде өз қарындасыма төменде берген кеңестер туралы білген болсам, маған университетті жоғары GPA-мен аяқтау оңай болар еді.

  1. Күніне бір сағат

Университеттегі ең күрделі заттардың бірі — уақытты басқару. Бұл сізге уақыт жетіспейтіндіктен емес. Шын мәнінде, сізде уақыт тым көп және нәтижесінде ол көбінесе бос кетеді. Өзінің жетістік туралы оқу курсында Джек Кэнфилд 3.0 және 4.0 студенттері арасындағы қарапайым айырмашылықты анықтады. 4.0 студенттер сыныпта жақсы жазбалар жасап, күн сайын ұйқының алдында өз жазбаларын қарап, бір сағат уақыт өткізді.

Мұны жасай отырып, олар ақпаратты сіңіру үшін сананың күшін пайдаланды және емтихандар басталған уақытта олар барлық материалды саналық деңгейде білді. 3.0 студенттер, керісінше, емтихан алдындағы түнде барлық мәліметті жаттап алуға тырысқан. Сіздің университеттегі бос уақыт мөлшеріңізді ескеретін болсақ, күніне бір сағат мүлдем көп емес.

2. Жеңіл курстар

Менің қарындасыма оқуды ең жоғары GPA-мен аяқтауға көмектескен тағы бір кеңес бар, ол жеңіл курстарды жүктеу. Бұл не деген сөз? Бірінші семестрде университетте неғұрлым көп «жеңіл бестіктер« алу. Бұған бірнеше себеп бар. Университеттің бірінші семестрінде алаңдататын жағдайлар көп, және бүгін, мен оқыған уақытқа қарағанда, тіпті көп, Facebook, Twitter және басқа әлеуметтік желілер. Және бұған күрделі курстық жұмысты қосқыңыз келмейтін шығар? Ал егер сіз оқудың алғашқы күнінен бастап, өз тобыңыздағы студенттерден бірер қадам алда болсаңыз, бұл университеттегі оқуыңызды жоғары GPA-мен бастауға көмектеседі.

Уақыт өте келе жақсы бағалар сіздің орташа баллыңызға аз әсер ете бастайды және кейінірек сіздің орташа балыңызды арттыру әлдеқайда қиын болады. Менің кіші қарындасым бірінші семестрді 3,9 нәтижемен аяқтады, колледжде үштік алса да, оқуды үздік бітірді.

3. Оқу топтарына тіркелу

Оқу топтары жақсы бағалауды қамтамасыз етудің өте тиімді тәсілі болып табылады. Оқу топтарын көбінесе аға студенттер басқарады, олар курстан өтіп, осы нақты курс бойынша бестікке ие болды. Олар сондай-ақ сізге тәжірибелік тесттер, практикалық мәселелер және басқа да көптеген профессорлар бере алмайтын ресурстар береді.

Менің бір досым бар, ол ешқашан органикалық химия бойынша дәріске қатысқан жоқ (мен мұндай жолды ұсынбаймын), бірақ, әрдайым оқу тобына барғанның арқасында сол пәнді беспен аяқтады.

4. Жеке Даму / Аффирмацияны пайдаланыңыз

Мен колледжде болған кезде жеке дамуға мүлдем қатыспадым деп шынымды айта аламын. Сол кездегі өміріме қарап, мен өз-өзімді төмен бағалағанымды түсінемін. Күмән жоқ, бұл менің орташа баллыма теріс әсер етті. Бірақ, егер мен жоғарыда айтылған үш қадам мен жеке даму әдістерін біріктірген болсам, менің университеттегі мансабым мүлдем басқаша болар еді.

Егер сіз қазірдің өзінде оқуды бастап кетсеңіз де, мен осы 4 идеяны қамтитын стратегия әзірлеуді ұсынамын. Егер сіз әлі оқуды бастамасаңыз, жеңіл курстар бойынша кейбір зерттеулер жасаңыз және қандай оқу топтары қол жетімді болуы мүмкін екенін анықтаңыз. Егер сіз жоғарыдағы 4 ұсынымды орындасаңыз, өзіңізді сапалы бірінші семестрге даярлайсыз және оқу орнында өте табысты мансапқа жетесіз деп үміттенемін.

Сізге сәттілік тілеймін!

https://www.lifehack.org/articles/productivity/back-to-school-how-to-graduate-from-college-with-a-high-gpa.html