Сәлем, достар!

Мүмкін Сен ұстазсың, студентсің, оқушысың, баласының болашағын ойлаған ата-анасың немесе «өмір бойы білім алуды» өзінің өмір сүру стиліне айналдырған жансың! Біздің платформаға қош келдің!

Сен қоғамда қандай әлеуметтік статусқа ие болсаң да бұл платформа сенің еркін ой-пікір алмасатын, пайдалы ақпарат алатын, еліміздің білім беру сферасын жүйелі түрде бірге жаңартатын ДОСЫҢ болуды көздейді.

Дос боламыз ба?)

«Иә» болса, ендеше кеттік. Бәріміз білетіндей, еліміздегі білім алудың қалыптасқан жүйесі келесідей: «мектепке дейінгі білім — мектеп, яғни орта білім — колледж не жоғарғы оқу орнындағы білім — қосымша біліктілікті арттыру, яғни жеке білім беру орталықтары». Байқағаныңдай, білім беру жүйесіндегі мемлекеттік және жеке білім беруді қосып отырмын.

Сол себепті бұл платформада біз білім беру сферасындағы өзекті өртеп, ішті күйдіретін және жүректі дүрсілдетіп, жанарды жандыратын мәселелерді, оларды шешудің қызықты да креативті жолдарын, «Ойбааааай!» деп таң қалдыратын жаңалықтарды, «Оооо керек екен!» дейтін пайдалы кеңестерді, «Мәәәә, бұлай да болады екен!» деген шынайы өмірден алынған тәжірибелі әңгімелерді қамтып, бір-бірімізге мотивация, энергия, эмоция сыйлауға барымызша тырысатын боламыз.

Әрине, платформаға қатысты менің өз жоспарларым және идеяларым дайын. Бірақ, «бір бас күшті, екі бас одан да күшті, үш бас одан да мега күшті» демек, Сенің де идеяларың мен ұсыныстарыңды қарастыруға, көпшілікпен ұсынылса,тақырыптар жоспарына қабылдауға дайынмын.

Олай болса, алғашқы кездесуімізді сауалнамамен бастағым келеді. Сені білім беру сферасында «не қатты мазалайды?», «не күшті қанаттандырады?», «қандай кеңестерді ауадай қажет етесің?», «қандай өп-өзекті мәселенің керемет шешу жолын білесің, ұсынасың?» және т.б. Осы сауалдардың кез-келгеніне қатысты өз ой-пікірің, идеяң, ұсынысың болса, мархаббат!

Осы посттың астына пікір ретінде қалдыруыңызға немесе менің электронды поштама (sarsenaktoty@gmail.com) жіберуіңізге болады.

Құрметпен, Ақтоты.