Жұмабай Сая, ШҚО, Үржар ауданы, Мақаншы ауылы Мақаншы орта мектеп-балабақшасының 10-сынып оқушысы

Ең алғашында ұстаздарымыз олимпиадаға қатысу туралы ұсыныс жасаған еді. IQANAT бағдарламасы мен үшін үлкен бір белес, көп дайындық қажет ететіндігін сездім. Физика пәнінен бағымды сынамақ ниетпен қатысу туралы шешім қабылдадым. Сол кезде IQANAT олимпиадасы мен үшін үлкен жетістік екені ойыма да келмеген еді.

Мен IQANAT олимпиадасына қатыспай тұрып-ақ, физика пәнінен жақсы дайындық үстінде едім. Ұстаздарымның қосқан үлесі зор болды. Ұстазымның арқасында физика пәніне деген қызығушылық оянып, олимпиадаға қызу кірістім. Бар ойым — олимпиададан орын алып сол ұстаздарымның үмітін ақтау еді. Үйде бос уақытымды формула жаттаумен өткіздім.
IQANAT-та өткізген әр күнім қызыққа толы болды.
Көп достар таптым сонымен қоса көп қолдау да таптым десем артық емес. Олармен өткізген әр күнім қызыққа толы болды.

Маған жеңімпаз болу туралы ой кіріп те шықпап еді. Алайда, жеңімпаз болғандағы сезімді айтып жеткізу мүмкін емес. Сол сәттен бастап болашаққа жол бағдарлай бастадым. Дүниежүзінің қай елінде білімімді ары қарай жалғастырамын деген ойлар келе бастады. Бәрінен бұрын ұстаздарым мен ата-анамның үмітін ақтағаныма қуандым.

Бұл бағдарлама көптеген жетістіктерге қол жеткізуге
мүмкіндік берді. Әр күнімді босқа өткізбей пайдалы істерге жұмсау керектігін үйрендім. Физика пәнін әрі қарай ынтамен жалғастыруға мүмкіндіктер берді. Болашақта басқа елдерге барып, білімімді жалғастырамын деп ойлаймын. Мектепте көп оқушыға үлгі боларлықтай оқушы атануыма мүмкіндік берді. IQANAT олимпиадасына айтар алғысым шексіз!!